Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидың еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі есебін тыңдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
Президент жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты анықтауға және оның жолын кесуге баса мән беруді тапсырды.