$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.03.2020, 12:13
Саясат

Дау ДСҰ-ға жетті. Қазақстан Қырғызстанның айыптауларын негізсіз деп атады

Қырғыз кәсіпкерлері Қазақстанға  заңсыз тауар өткізуін доғармаған

Дау ДСҰ-ға жетті. Қазақстан Қырғызстанның айыптауларын негізсіз деп атады

Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас кеңсесінде өткен жиналыста қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселе талқыланды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жиынға Қазақстан атынан елдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Жанар Айтжанова мен Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев қатысты. 

Онда Қырғызстан делегациясы Қазақстанның тариф және сауда туралы, сауда рәсімдерін жеңілдету жайлы келісімдердің ережелерін бұзғаны жайлы мәлімдеген. Сонымен бірге, Қазақстанның шекарадағы әрекеттері Қырғызстанның экономикалық көрсеткіштерін нашарлатқанын айтып шағымданған. Жанар Айтжанова Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәселелер тек ЕАЭО алаңында талқылану тиіс екенін айтты.

«ЕАЭО мүше мемлекеттері Бірыңғай кедендік аумақ шеңберінде жұмыс істейді. Осыған байланысты ДСҰ-ның тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімінің (1994 жылғы ГАТТ) және ДСҰ-ның сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі келісімінің (СРОжК) ережелерін Қазақстанның  бұзып отырғаны туралы Қырғызстан тарапы берген шағым  негізсіз», - деді ол.

Ол керісінше, қырғыз кәсіпкерлері Қазақстанға 2019 жылдың өзінде 4800 рет заңсыз тауар өткізбек болғанын хабарлады. Олар Ресейге апарамыз деп жалған мәлімет келтіріп, заттарын Қазақстан аумағында салық төлемей сатқан.

«Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі қабылдаған шаралар салықтық әкімшілендіруді және ел бюджетіне ҚҚС түсімдерінің толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ретте, бұл шаралар отандық жүк тасымалдаушыларға да, сондай-ақ ЕАЭО мүше мемлекеттері мен үшінші елдердің жүк тасымалдаушыларына да тең дәрежеде қолданылады. Қазақстан тарапы осы мәселелерді реттеу үшін екіжақты консультациялардың барлық әлеуетін, сондай-ақ ЕАЭО-да бар институционалдық тетіктерді пайдалануы қажет. Қырғыз Республикасын ЕАЭО-ға кіру кезінде қабылдаған міндеттемелерді толық орындауға шақырамыз»,- деген бұған қатысты Ж. Айтжанова.

 

Серіктес жаңалықтары