$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.03.2020, 13:42
Саясат

Жәкішев cоты: прокуратура қарсылық білдірмесе, қаулы 19 наурызда күшіне енеді

Адвокат сот қаулысы 15 күн ішінде күшіне енетінін жеткізді

Жәкішев cоты: прокуратура қарсылық білдірмесе, қаулы 19 наурызда күшіне енеді

Егер осы мерзім ішінде прокуратура қарсылық білдірмесе, қаулы 19 наурыз күні күшіне еніп, Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығарылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Құзырлы орган қарсылық білдірсе, бір ай бойы күтуге тура келеді. Жоғары тұрған сот енгізілген қарсылықты қарауы шарт. Оның қалай болатынын айта алмаймын», - деп атап өтті адвокат Нұрлан Бейсекеев.

Оның айтуынша Жәкішев бостандыққа шыққанан кейін пробациялық органдарды өзінің әрбір қадамы жайында  хабардар етіп отыруға міндетті. Ел ішіндегі қозғалысы, шет мемлекетке шығуы аталған мекемелердің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

«Бұл жалпыға ортақ тәртіп. Ол пробация органдарында тіркелуге, белгілі мерзімде барып тұруға міндетті. Өзінің тұрғылықты мекен-жайын   хабарлауы шарт. Белгілі орындарға баруға тыйым салынады. Оқу, жұмыс істеу құқығы сақталады. Медициналық қызметтерді пайдалану, ауруханаға жатып емделуге рұқсат етіледі. Кез келген жағдайда ол өзінің қайда баратынын пробация органдарына хабарлап отыруға міндетті», - деді авдокат.

Жәкішев жазасының өтелмеген мерзімі, яғни 3 жыл екі ай бойы аталған талаптарды сақтауға міндетті. Жаза мерзімі 2023 жылдың 20 мамырында аяқталады.

Нұрлан Бейсекеев өзінің қорғалушысының денсаулығының жағдайына да тоқталды.

«Кеше онымен кездестім, Ауырып жатыр. Өзгеріс жоқ. Медициналық тексерістен өтті. Тағы бірнеше диагноз қойылды», - деді ол.

Еске салайық, бүгін Семей қалалық соты М.Жәкішевтің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. «Қазатомпром» компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы ірі уран кенорындарындағы мемлекеттің үлесін сатып жіберді деп айыпталды. 2010 жылы сот шешімі оған ақша жымқырды және пара алды деген кінә тағып, 14 жылға сотталды. Қазір ол жазасын Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр.

Эльмира Мәмбетқызы, Петропавл 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Мұхтар Жәкішев