Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинадағы елшісін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды одан әрі дамыту, сауда-экономикалық қатынастарды жандандыру, IT технология саласындағы ықпалдастықты арттыру мәселелері сөз болды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Кәлетаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.
Еске сала кетсек, Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы елшісі қызметіне тағайындалған болатын.