$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.02.2020, 18:34
Саясат

Еуразиялық комиссия басшысы Қазақстан билігінен сын естіп қайтты

Михаил Мясникович айтылған сынның бәрі орынды деп есептейді

Еуразиялық комиссия басшысы Қазақстан билігінен сын естіп қайтты
фото: Батыржан Беспаев

Бүгін Елордаға Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Михаил Мясникович келіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Сенат спикері Дариға Назарбаевамен, Премьер-министр Асқар Маминмен кездесті. Одан кейін журналистерге брифинг өткізіп, Қазақстан билігі тарапынан айтылған ұсыныстар мен сын-ескертпелер туралы айтып берді.

«Еуразиялық интеграцияны күшейту жөнінде сөйлестік. Сын көп айтылды. Мен оларды орынды деп есептеймін. Біз одан тиісті қорытынды шығарып, жағдайды түзейміз. Сөзсіз, біз бірге күш салып, өзара саудадағы кедергілерді жоюымыз керек. Бұл өте маңызды бағыт», - деді М. Мясникович.

Оның айтуынша, кедергілерді жою үшін тезірек шешімдер қабылдау керек.

«Кедергілерді жасаушы Еуразиялық экономикалық комиссия емес, мемлекеттер. Себебі олар өздерін үшінші елдердің жауапсыз серіктестерінен, тіпті одақтың өз ішіндегі кей серіктестерден қорғағысы келеді. Өз отандық тауар өндірушілерін қолдағысы келеді. Нәтижесінде, көптеген тауар ортақ сауда режимінен шығып қалады. Алдында Премьер-министрлер әр кездескен сайын саудадағы бір кедергіні жою туралы талқылап отырамыз деп келіскен еді», - деп айтты ол бұған байланысты.

Сонымен бірге тараптар Еуразиялық экономикалық одақты сыртқы фактордан қорғау, тауар өндірушілердің, одаққа мүше елдердің мүддесін қорғау мәселелерін талқылаған.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева ЕАЭО аясындағы кедергілерді атады

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары