Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметінен босатылып, оның орнына Рустам Манарбекұлы Жүрсінов тағайындалды.
Рустам Жүрсінов 1999-2002 жылдары Мемлекеттік кіріс министрлігінде қызмет атқарған. 2015 жылдан бері «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары болған.
Ал, Болат Палымбетов уәкіл лауазымындағы мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен босатылды.
«ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 312-бабына сәйкес Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымындағы мерзімнің аяқталуына байланысты Болат Палымбетов өз еркімен қызметінен босату туралы өтініш жазды. Президент бизнес-омбудсменнің өтінішін қанағаттандырды», - делінген «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі хабарламасында.