Ресейден келетін шикізаттың жетіспеушілігін жою үшін Украина өз мұнай құбырын пайдалануды ұсынды
Украина беларус мұнай өңдеу зауыттарына «Одесса-Броды» мұнай құбыры арқылы немесе теміржол транспортымен мұнай жеткізе алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Минскідегі Украина елшісі Игорь Кизим айтты, деп жазады DW порталы.
Оқи отырыңыз: Беларусь Қазақстанға мұнай сұрап келеді
Елшінің айтуынша, бұл Киевтің Минскіге деген қолдау актісі болмақ.
«Жазда біздің мемлекетте дизель отынын жеткізу проблемасы болған кезде, Беларусь бізге демеу көрсеткен еді», - деді елші.
Оқи отырыңыз: Ресей Қазақстаннан мұнай алуға келісім бермей отыр – Лукашенко
Айта кету керек, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресей мұнай компаниялары келісімшарттардың болмауынан Беларусь Республикасына мұнай жеткізуді тоқтатқан болатын. Минск Ресей шикізатының бағасы көтерілгендіктен, мұнай тасымалдаушыларға сыйақы төлеуден бас тартқан еді. Ал Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко мемлекеттің Ресей мұнайына тәуелділігін жойып, мұнай саласында Ресейден келетін импортты 30-40%-ға жеткізуді тапсырған болатын.