21.11.2022, 11:03
Саясат
Өзбекстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады
Өзбекстан Президенті Мемлекет басшысын сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы бүгінде екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын және стратегиялық серіктестік деңгейіне толық сай келетінін атап өтті.
Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды