Балиде Ердоған мен Байден келіссөз жүргізді

Аягөз Құрмаш

Түркия мен АҚШ көшбасшылары G20 саммиті аясында кездесті

Балиде Ердоған мен Байден келіссөз жүргізді

Индонезияда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия мен АҚШ көшбасшыларының кездесуі Балидегі үлкен жиырмалық (G20) саммиті аясында өтті.

Apurva Kempinski қонақ үйінде келіссөздер баспасөзге жабық режимде өткен.

Талқылауға Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу, қазынашылық және қаржы министрі Нуреддин Небати және Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар қатысты.

АҚШ президенті Байден Стамбулдағы шабуылға байланысты Түрік басшысына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Байден Президент Ердоғанға Ресей мен Украина арасындағы астық дәлізіндегі мәселені шешуге және кеме қатынасын қалпына келтіруге күш салғаны үшін алғыс айтты.

Кездесу барысында екі ел арасындағы қатынастар талқыланды. Сауда және қауіпсіздік мәселелері көтерілді.

Президенттер НАТО желісі бойынша одан әрі үйлестіруді талқылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.