15.11.2022, 13:47
Саясат
Соғысты аяқтайтын уақыт келді – Владимир Зеленский
Индонезияның Бали аралында Үлкен жиырмалық елдері көшбасшыларының кездесуі өтіп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Украина президенті Владимир Зеленский Балидегі G20 саммитінде Ресейдің Украинаға қарсы жойқын соғысын тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy AFP-қа сілтеме жасап.
«Мен қазір Ресейдің жойқын соғысын тоқтатуға болатын уақыт келді деп ойлаймын», - деді Зеленский.
Ол өзінің үндеуінде «барлығы үшін» формуласы бойынша Ресеймен тұтқындармен алмасуды ұсынды.
Бұған дейін БАҚ G20 елдерінің көпшілігінің өкілі соңғы күндері жиналып, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын айыптаған еді.
Айта кетейік, Индонезияның Бали аралында Үлкен жиырмалық елдері көшбасшыларының кездесуі өтіп жатыр.
Көп оқылған
04.08.2026, 09:18
Жасы 50-ге жақындағандар да бар: эфирге іш киіммен шығып, боғауыз сөйлеген стримерлер қамалды (ВИДЕО)
04.08.2026, 14:46
Жағдайы ауыр: Солтүстік Кипрде қазақ қызына қастандық жасалды
04.08.2026, 17:02
Солтүстік Кипрде пышақталған бойжеткен Қырғызстан азаматы болып шықты
04.08.2026, 23:23
Ірі алаяқтық үшін сотталып, жасырынып жүрген күдікті Семейде ұсталды
04.08.2026, 15:25
Ақтөбеде үш жігіт 2 миллион теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды
04.08.2026, 20:21
Аптап ыстық, нөсер жаңбыр: 5 тамызда +40°С-қа дейін ыстық болады