ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 999 адамнан коронавирус анықталды

«Ресейден Еуропаға». Беларусь Республикасы елтаңбасын өзгертіп жатыр

Елтаңбада глобуста басымдық Ресейге емес, Еуропаға берілетін болды

Фото: ашық дереккөзден

Беларусь Республикасы елтаңбадағы глобуста Ресейдің бейнесінен гөрі Еуропаға басымдық беру туралы шешім қабылдады. Беларусь парламентінің айтуынша, бұл сыртқы саясатқа ешқандай әсер етпейді, деп жазады DW порталы.

Басылымның хабарлауынша, оппозиция өкілдері Беларусь Республикасы конституцияны қайта жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеген.

«Елтаңба суретінің өзгеретіні туралы Беларусьтің Әділет министрі Олег Слижевский хабарлады. Баспасөз конференциясында ол Беларусь елтаңбасы мемлекет ішінде де, халықаралық аренада да позитивті қабылдануы үшін осындай өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді», - деп жазады басылым.

Слижевскийдің айтуынша, елтаңбадағы жұлдызды өзгерту де қарастырылған, себебі бұл «әскери сипат» береді. Сонымен қатар республика атауының да жазылу дизайны өзгертіледі. Дегенмен, елтаңбадағы өзгерістердің ішінде глобустың Ресейден гөрі Еуропаға жақын болуы көпшіліктің назарына ілікті.

Беларусь Республикасының Либералды-демократиялық партия басшысы, депутат Олег Гайлукевичтің айтуынша, мемлекет символикасын толықтай өзгертпейді.

«Елтаңбаға тек эстетикалық өзгеріс енгізіледі. Сондықтан одан саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Елтаңбадағы глобус өзгергеннен кейін сыртқы саясат өзгермейді», - деді депутат.

Ал оппозиция өкілі Анатолий Лебедьконың айтуынша, елтаңбаның өзгеруі – халықаралық деңгейдегі белгі.

«Бұл әрекет Лукашенконың электоратын алаңдатпайды. Яғни, ол Путиннің ашуына тию үшін елтаңбаға өзгеріс енгізіп жатыр», - дейді опозиционер.

Ал кейбір сарапшылардың айтуынша, бұл әрекет Беларусь Республикасының Конституциясын өзгертудің алғашқы қадамы болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Путин Лукашенконы держава құруға көндірмек болғанын жазған едік.