$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.10.2022, 18:51
Саясат

Халықтық коалицияның белсенділері ардагерлерді Республика күнімен құттықтады

Еліміздің барлық облысында коалицияның 226 штабы ашылған

Халықтық коалицияның белсенділері ардагерлерді Республика күнімен құттықтады

Тараз қаласында Халықтық коалицияның белсенділері Мәскеу, Сталинград, Минск маңындағы шайқастарға қатысқан Ұлы Отан соғысының 100 жастағы ардагері Мұсахан Бердібаевты құттықтай барды деп хабарлайды коалицияның баспасөз қызметі.

Кандидаттың Тараз қалалық қоғамдық штабының жетекшісі Уәлихан Байдуанов: «Штаб пен Халықтық коалицияның атынан ардагерді Республика күнімен құттықтадық», – деп атап өтті.

Кандидаттың Қарағандыдағы өңірлік штабының мүшелері облыстың құрметті ардагерлері Григорий Презент пен Нұрсахан Бейсенбекованы ұлттық мерекемен құттықтады.

Еске сала кетейік, барлық облыста 226 өңірлік және аудандық қоғамдық штаб ашылды. Олардың жұмысына кандидаттың сенімді өкілдері мен белгілі қоғам қайраткерлері қатысады. Штаб құрамына 6 мыңнан астам адам кірді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Тараз #Сайлау-2022