$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.02.2020, 17:30
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесті

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директорымен коронавирустың алдың алу мәселесін талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесті
Фото: akorda.kz

Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының аясында Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесуспен және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тедрос Адхан Гебрейесуспен әңгімелесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы ықпалдастықтың, соның ішінде коронавирустың таралуына қарсы іс-шаралардың өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуының алдын алу және оған жол бермеу үшін Қазақстанда қабылданған шаралар туралы айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Қазақстан Президентіне коронавирустың таралуына байланысты әлемдегі ахуал жайында мәлімет берді.  

Петер Маурермен кездесуде Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі ортақ мәселелер туралы пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапынан жүргізілген «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операциялардың барысында ХҚКК-нің көрсеткен қолдауына жоғары баға берді.

Петер Маурер Президентке Қазақстанда Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдігін ашуға мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдірді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Петер Маурерге ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.

Серіктес жаңалықтары