Тоқаев ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхел Гурриамен кездесті

ЭЫДҰ Бас хатшысы Қазақстанмен арадағы көп жылғы табысты ынтымақтастықты жоғары бағалады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 56-шы Мюнхен қауіпсіздік жөніндегі конференциясының аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Хосе Анхел Гурриамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тараптар Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы байланыстардың қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын енгізуге, саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында аталған беделді ұйыммен белсенді ықпалдастықты жалғастыруға баса мән беретінін айтты.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Қазақстанмен арадағы көп жылғы табысты ынтымақтастығын жоғары бағалады. Хосе Анхел Гурриа Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне ерекше мән беріп, онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсыныстары мен кеңестері ескерілгенін айтты.  

Загрузка новостей...
Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты