Енді ол жаңадан ашылатын заманауи ғылыми зерттеу институтын басқарады
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін жоғарғы палатаның жалпы отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутат Ақылбек Күрішбаев басқа жұмысқа ауысып жатқанын хабарлап, осыған байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату жөнінде өзі өтініш жазғанын хабарлады. Орталық сайлау комиссиясы Күрішбаевтың өтінішін қарап, Сенатқа тиісті ұсыным енгізді.
«ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев міндеттерін атқаруды өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституциясының 52-бабына ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы ҚР Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізді», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.
Енді Ақылбек Күрішбаев жаңадан ашылатын заманауи ғылыми зерттеу институтын басқарады.