$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.10.2022, 11:32
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Азық-түлік өнімдері үшін АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасында «жасыл дәліздер» ашуымыз қажет»

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы 2024 жылы Астанада АӨСШК елдерінің еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слетін өткізуді ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Азық-түлік өнімдері үшін АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасында «жасыл дәліздер» ашуымыз қажет»

АӨСШК кеңістігінде шын мәнінде жұмыс істейтін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизм қажет. Азия әлемдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің үштен бірін өндіргенімен, бұл саладағы олқылықтардан әлі де толық арыла қойған жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан АӨСШК саммитінде айтты.

«Біз маңызды өнімдердің ұлттық стандарттарға сәйкестігін бағалаудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеуіміз керек. Сондай-ақ тауарлардың бұл санаты үшін АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасында «жасыл дәліздер» ашуымыз қажет», - деді Президент өз сөзінде.

Штаб-пәтері Астанада орналасқан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен АӨСШК арасындағы ынтымақтастықты жолға қою перспективті болмақ. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев елдердің ауыл шаруашылығы әлеуетін ескере отырып, мұқтаж мемлекеттерді азық-түлікпен және тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін тиімді шаралар қабылдау мүмкіндігін алға тартты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы 2024 жылы Астанада Жастар кеңесінің қолдауымен АӨСШК елдерінің еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слетін өткізуді ұсынды.

«АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құру үлкен перспективаларды ашады. Осы желі арқылы IT, нанотехнология және жаңартылатын энергия көздеріндегі әзірлемелермен алмасуға болады», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары