Ол АӨСШК саммитіне қатысатын 11 президенттің тізімінде бар
Беларусь президенті Александр Лукашенко 11-14 қазанда Тәжікстан мен Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Беларусь Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тәжікстанға ресми сапары аяқталғаннан кейін Александр Лукашенко Қазақстанға жұмыс сапарымен барады. Беларусь басшысы 13-14 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) алтыншы саммитіне және ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады», - делінген хабарламада.
Еске салайық, 12-13 қазанда өтетін АӨСШК алтыншы саммитіне 11 мемлекет басшысы қатысады.