13.09.2022, 13:54
Саясат
Тоқаев Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесті
Кездесуде дінаралық және конфессияаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды
Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим Патриархы III Феофилмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Патриархқа Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жұмысына қатысқанына және осы маңызды форумның мақсат-міндеттерін ілгерілетуде көрсеткен қолдауына ризашылығын білдірді. Бұл Патриархтың Съезге үшінші рет қатысуы.
Патриарх бейбітшілік, келісім және өзара құрмет сынды құндылықтарды ілгерілету үшін әлем көшбасшылары батыл шешімдер қабылдауының маңыздылығына тоқталды.
Құрметті қонақ Съезд қорытындысы әлемде бейбітшілікті одан әрі нығайтудың нақты бағдарларын әзірлеуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты