Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

Автор: Azattyq Rýhy

Екі ел басшысы Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаны талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаны талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның көшбасшысы қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы тату көршілік, серіктестік пен одақтастық Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықты сақтаудың маңызды факторы саналатынын атап өтті.