$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сән-салтанатқа салық енгізу мүмкіндігін қарастыру керек  - Тоқаев

Президент өз Жолдауында салық саясатына тоқталып өтті

Сән-салтанатқа салық енгізу мүмкіндігін қарастыру керек  - Тоқаев
Фото: ашық дереккөзден

Тұрақты экономикалық өсу болжамды салық саясатына тікелей байланысты. Фискалдық реттеуді қайта жүктеу мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты.

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Президент өз Жолдауында салық саясатына тоқталып өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев салықтық басқару функциясы толығымен жаңартылуы керектігін баса айтты.

«Сондай-ақ, кез келген бетпе-бет өзара іс-қимылды болдырмай, салықтық бақылауды толық цифрландыруды қамтамасыз ету міндеті тұр.  Өркениетті сауданы дамыту үшін барабар мөлшерлемелермен және қарапайым рәсімдермен бөлшек салықты қолдануды кеңейту қажет. Салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды», - деді Президент.

Серіктес жаңалықтары