22.08.2022, 13:33
Саясат
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Отырыста қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды.
Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды