Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Сочи қаласына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy БОРТ1 Telegram-каналына сілтеме жасап.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі.
Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайтыны жоспарланған.
Ал 24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.