$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2020, 11:54
Саясат

Торт кесемін деп өзін-өзі жарақаттап алған шенеунік вице-министр болып тағайындалды

Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалған Алмас Айдаров 2017 жылдан бері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды

Торт кесемін деп өзін-өзі жарақаттап алған шенеунік вице-министр болып тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін мемлекет басшысының өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Алмас Айдаровқа қатысты 2019 жылдың 26 мамырында кеудесінен пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді деген ақпарат тараған. Алайда, шенеунік бұл жағдайды жазатайым, тұрмыстық оқиға деп түсіндірді. Полиция да бұл оқиғаны тұрмыстық жарақат деп тіркеген.

«Жағдайым жақсы, тұрмыстық жарақат. Кешкісін абайсызда кесіп алдым, түнде қанап кеткен соң, таңды күтпей, жедел жәрдем шақыруға тура келді», - деп түсіндірді Алмас Айдаров.

Алмас Айдаров 1983 жылы 25 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдап, халықаралық экономикалық қатынас мамандығын алған.Сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі (2009 жыл). 

Бұған дейін Сыртқы істер вице-министрі болған Ермек Көшербаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары