Брюссельде Армения мен Әзербайжан басшылары кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Басқосуда Таулы Қарабақтағы жағдайды реттеуге байланысты сұрақтар талқыланды

Фото: ашық дереккөзден

Брюссельде Армения мен Әзербайжан басшылары және Еуропалық Кеңес төрағасының қатысуымен үшжақты келіссөз өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Басқосуда шекара қауіпсіздігі, оны белгілеу бойынша арнайы коммисия құру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Сонымен қатар тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға қатысты келіссөздерге дайындық мәселесі мен Таулы Қарабақтағы жағдайды реттеуге байланысты сұрақтарды талқылады. Мемлекеттер енді келесі кездесу осы жазда өтеді деп жоспарланып отыр.