Помпео ҚР Мемлекет басшысымен және Сыртқы істер министрімен кездеседі деп жоспарланып отыр
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео 2020 жылдың 1-2 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласына келеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстанға сапары барасында Помпеоның ҚР Мемлекет басшысымен және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі қарастырылған. Кездесу барысында екіжақты және аймақтық ынтымақтастық, сондай-ақ, әлемдегі маңызды әрі өзекті мәселелер талқыланбақ», – делінген ведомство хабарламасынан.
Еске сала кетсек, Майкл Помпео Қазақстанға 5 қаңтар күні келуі тиіс еді. Алайда, 2 қаңтар күні Бағдаттағы америкалық елшілік ғимаратында болған тәртіпсіздіктерге байланысты АҚШ мемхатшысының бес елге, оның ішінде Қазақстанға жоспарланған сапары кейінге шегерілген болатын.