Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыс әкімдерін қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
ҚР Президенті бірқатар облыс басшыларын қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловты, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты және Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады.
Әкімдер Президентке өңірлердің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындылары туралы баяндап, аймақтарды одан әрі өркендету жоспарымен таныстырды. Мемлекет басшысы әр әкімге өз өңірлері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.