Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасын қабылдады

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа бірқатар нақты тапсырма берді

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесуде Талғат Донақов Президентке Жоғары Сот Кеңесінің 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары жайында баяндады. 

Мемлекет басшысына еліміздегі сот корпусының ахуалы, судьяларды іріктеу ісін қатаңдату және соттардың кадрлық резервін қалыптастыру бағытында қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа бірқатар нақты тапсырма берді.