$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.03.2022, 16:18
Саясат

Ерұлан Жамаубаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды

Ол 2020 жылдың 18 мамырынан бері ҚР Қаржы министрі қызметін атқарып келді

Ерұлан Жамаубаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден

Ерұлан Жамаубаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымынан босатылсын", – делінген құжатта. 

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. 

Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, «Қаржы және кредит», 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген, «Іскерлік әкімшілендіру магистрі».

Еңбек жолын 1996-1998 жылдары – Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы болып бастаған. 

1998-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаментінің жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары; 

2006-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Үйлестіру департаментінің директоры. 

2014-2015 жылдары – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның басқарушы директоры. 

2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында -Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі. 

2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі.

2019 жылдың наурыз айынан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болды. 

2020 жылдың 18 мамырынан бері ҚР Қаржы министрі қызметін атқарып келді.

Серіктес жаңалықтары