«Жаңа жылды қатты тойлап қойған». Мәжілістің вице-спикері Ресей телеарнасына қатысты пікір білдірді

Azattyq Rýhy

Мәжілістің вице-спикерлері Владимир Божко мен Гүлмира Исимбаева Ресей мемлекеттік телеарнасының ақпаратына қатысты пікір білдірді

Айта кетейік, Ресейдің мемлекеттік телеарнасы (Россия-24 авт) ютуб каналындағы видеороликте биыл сайлау болатын мемлекеттерді атаған. Соның ішінде, Қазақстанда 2020 жылдың наурызында парламенттік сайлау өтетіні хабарланған.

Мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исимбаева журналистердің сұрағына жауап бере отырып, ол ақпараттан әлі бейхабар екенін айтты.

«Мен Ресей теларнасына қатысты пікір білдіре алмаймын, оның үстіне, ол жаңалықты мен көрген де, естіген де жоқпын. Бірақ, партиямыздың саяси кеңесінің отырысында, Парламенттік отырыста да  Елбасы (Нұрсұлтан Назарбаев - авт), Мемлекет басшысы (Қасым-Жомарт Тоқаев) сайлау (парламенттік - авт) конституция бекіткен мерзімінде өтеді деп  атап өтті», - деді қысқа жауап берген ол.

Ал, екінші вице-спикер Владимир Божко болса, Ресей телеарнасы «жаңа жылдан кейінгі ұзақ демалыста ойына келгенін айтып» отыр дейді.

«Ресей «қатты» кетті дегім келеді. Өздеріңіз білесіздер, Нұрсұлтан Әбішұлы бірнеше рет сайлау конституцияға сай мерзімде, яғни, 2021 жылдың ақпанында өтеді деп айтқан. Ал, біреудің пікірін және ол пікір ұзаққа созылған жаңа жылдық мерекелеудің салдарынан туындағанына қатысты төрелік айту мен үшін қиын», - дейді Владимир Божко.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Абайдың 45 сұрағына белгілі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов жауап берді
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат