Мемлекет басшысы Қосшыда соттың құрылуын мақұлдап, судьяларды тағайындады

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен жылы Қосшы ауылдан облыстық маңызы бар қала мәртебесіне ауыстырылған болатын

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының сот органын құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy. 

"Ақмола облысы Қосшы қаласының соты құрылсын", - делінген Жарлықта.   

Сондай-ақ, ол Қосшыдағы судьяларды тағайындауды бұйырды. 

"Мерзадинова Динара Сталбекқызы осы облыстың Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып ; 
Халмурзаев Мұрат Мәуленұлы осы облыстың Бұланды аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Жарлық қолданысқа енгізілді", – делінген құжатта. 

Айта кетейік, Қосшы Нұрсұлтан қаласынан 3 км жерде орналасқан. Өткен жылы 27 шілдеде Қосшы ауылдан облыстық маңызы бар қала мәртебесіне ауыстырылып, Ақмола облысы Целиноград ауданының құрамынан шығарылды.