Қазақстан мен Ливия СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Azattyq Rýhy

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды

Ливия тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ливия Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Наджла Мухаммед Аль-Мангушпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты тараптар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, ең алдымен БҰҰ, ИЫҰ және АҚИҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты», - делінген ведомство хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.