02.02.2022, 19:20
Саясат
Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы болып Асхат Оралов тағайындалды
Ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен партияның Атқарушы хатшысы болып Оралов Асхат Раздықұлы тағайындалды. Бұл туралы партияның ресми сайтында хабарланды.
Ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған.
- 2011 ж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмыс департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы.
- 2013-2016 ж.ж. – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің хаттама бөлімінің бас маманы.
- 2014-2016 ж.ж. – Nur Otan партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
- 2016-2017 ж.ж. – Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а.
- 2017-2018 ж.ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы.
- 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.
- 2018-2019 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.
- 2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
- 2020-2021 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.
- 2021 жылғы шілдеден бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
Көп оқылған
13.09.2026, 21:23
«Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес»: танымал әнші басына түскен ауыр жағдайды айтты (ВИДЕО)
13.09.2026, 17:34
Өз үйін шатастырып алған: Қосшыда тұрғындардың мазасын алған 46 жастағы азамат ұсталды
13.09.2026, 13:15
Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен полицейлер жұмыстан қуылды
13.09.2026, 20:16
Өскеменде Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер адамның мәйіті бірнеше аптадан соң табылды
13.09.2026, 23:07
Семейде әйел адамның аяғы эскалаторға қысылып қалды (ВИДЕО)