$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.01.2022, 16:08
Саясат

Мәжілістегі партия фракциясының жұмысын қайта бастау қажет – Мемлекет басшысы

Фракция мүшелері формализм мен шамадан тыс ұйымшылдықтан алыс болуы керек

Мәжілістегі партия фракциясының жұмысын қайта бастау қажет – Мемлекет басшысы
Фото ашық дереккөзден

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін Мәжілістегі партия фракциясының жұмысын қайта бастау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Фракция мүшелері формализм мен шамадан тыс ұйымшылдықтан алыс болуы керек, қоғам өкілдерімен көбірек байланыста болуы қажет. Ашық популизмге бармай, өзекті мәселелерді жете түсініп, нақты түсіндіріп, партияның ұстанымын берік қорғау – депутаттардың тікелей міндеті. Сайлаушылармен тікелей диалог құру, азаматтармен, соның ішінде шалғай ауылдардағы тұрғындармен жүйелі кездесу маңызды. Депутаттық сауалдар ресми емес, мазмұны жағынан нақты, тұрғындардың мәселелерін шынайы көрсететін болуы керек», − деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары