Тоқаев жемқорлықпен аяусыз күрес жалғасатына кепілдік берілетінін мәлімдеді
Президент сондай-ақ Жаңа Қазақстан құрудың мақсатына тоқталды
ҚР Президентті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстан құрудың мақсаты туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-парақшасында мәлімдеді.
«Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев. .
Президент сондай-ақ жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік берілетінін атап өтті.
«Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз», - деді Мемлекет басшысы.
Осылай деген Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасы орнықтылығын көрсеткеніне тоқталды.
«Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестеріміздің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды», - деді Қ.Тоқаев.