Жеті мемлекеттің БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беру құқығы уақытша тоқтатылуы – ұйымға жарна төлемеуінен
БҰҰ-ға мүше Ливан, Венесуэла, Орталық Африка Республикасы, Гамбия, Лесото, Тонга және Йемен мемлекеттері ұйымға жарна төлемеуі себебінен Бас Ассамблеяда дауыс беру құқығынан уақытша айырылды. Бұл туралы БҰҰ-ның ресми сайтында хабарланды.
БҰҰ Жарғысының 19-бабына сәйкес, егер мемлекеттің ұйымға қарызы екі жылда төленуге тиіс көлемнен асып кетсе, мемлекет БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беру құқынан айрылады.
Алайда, Бас Ассамблея аталған елдерге төлемнің кешіктірілуі оларға тәуелді емес жағдайларға байланысты болғанын мойындаса, дауыс беруге рұқсат ете алады.