Иран президенті Украина халқына көңіл айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Иран басшысы қайғылы жағдайға кінәлілер жауапкершілікке тартылатынын жеткізді

11 қаңтар күні кешке Иран президенті Хасан Рухани Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесіп, ұшақ апатына байланысты көңіл айтты.

Иран басшысы қайғылы жағдайға кінәлілер жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Хасан Рухани ұшақ апаты ирандық әскерилердің қателігінен болғанын толықтай мойындайтындарын мәлімдеді.

Ал Владимир Зеленский «халықаралық құқық талаптарына сай өзара конструктивті іс-әрекет күтеміз, украиналық лайнердің экипажы барлық ережелерге сәйкес ұшты» деді.

 Дереккөз: 24 kz