Олар Қазақстанда орын алып жатқан жағдайды талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Бүгін Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельмен келіссөз жүргіздік. Екеуміз Қазақстанда болып жатқан оқиғаларды сөз еттік. Біз мемлекетке төнген басқыншылық, агрессивті іс-әрекетке тап болдық, осыны шешу жолында тез конституциялық тәртіп пен заңды қалпына келтіру шараларын қабылдадық", - деп жазды Мемлекет басшысы.