ҚР Президентінің баспасөз хатшысы: «Қасым-Жомарт Тоқаев - мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы»

Автор: Azattyq Rýhy

Берік Уәли блогосферадағы әртүрлі жазбаларға қатысты мәлімдеме жасады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулерін блогосферада әртүрлі түсіндіруге байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемені Ақорданың баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулерін блогосферада әрқилы түсіндіруге байланысты мынаны мәлімдеймін: Қасым-Жомарт Тоқаев - мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Осы қызметінде ол өзі шешім шығарады.Бандиттер конституциялық құрылымды бұзу үшін Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күнде де осылай болған. Отандастарына жасаған барлық үндеуін ол кеңесшілердің қолдауына жүгінбей, дәстүр бойынша өзі жазды", - деді Берік Уәли.