Мемлекет басшысы өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.