$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бекболат Тілеухан Мәжіліс депутаты мандатынан бас тартты

Ол бұған дейін денсаулығына байланысты Парламенттен кететінін айтқан болатын

Бекболат Тілеухан Мәжіліс депутаты мандатынан бас тартты
Фото ашық дереккөзден

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Конституциясы 24 бабының 3-8 тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның депутаттық қызметін мерзімінен бұрын тоқтатты деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Б.Тілеухан депутаттық мандатынан өзі бас тартқан.

«Қадірлі әріптестер, Нұрлан Зайроллаұлы! Мені асыра мақтап жатырсыз. Мақтауға лайықты болуыма күмәнім бар. Ағалық көңіліңізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздермен жұмыс істеген өмірімнің бір кезеңі – бақытты шағым. Тайымда танып, тұлпарға қосқан Елбасына рақмет! Нұр ағамыздың бастаған жолына әрі қарай жалғастырып жатқан Мемлекет басшысының қамқорлығына, жасап жатқан марапатына рақмет!» − деді бүгін Мәжіліс отырысында Бекболат Тілеухан.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Б.Тілеухан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалған.

Мәжіліс отырысында депутаттар Бекболат Тілеуханның шешіміне қатысты бірауыздан қаулы қабылдады

Серіктес жаңалықтары