Тегеран зымыран ұшыру туралы Лондонның мәлімдемесін Иран істеріне араласу деп бағалады
Ұлыбритания Иранның баллистикалық зымырандарды сынақ ұшырылымында қолдануын айыптаған болатын

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Саид Хатибзаде Иранның баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуін айыптаған британдық СІМ мәлімдемесін Лондонның ішкі істерге араласуы деп бағалады.
Ұлыбритания СІМ жұма күні Иранның баллистикалық зымырандарды сынақ ұшырылымында қолдануын айыптаған болатын. Лондон «Баллистикалық зымыранды ұшыру БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231-қарарын бұзу болып саналады, ол Ираннан ядролық қаруды жеткізуге арналған баллистикалық зымырандарға, соның ішінде баллистикалық зымыран технологиясын қолдана отырып ұшыруға қатысты ешқандай әрекет жасамауды талап етеді» деген мәлімдеме жариялады.
«Иран халықаралық заңдар мен ережелер, сондай-ақ өзінің қорғаныс қажеттіліктері аясында жұмыс істейді, сондықтан мұндай мәлімдемелер мен ұстанымдар Иранның ішкі істеріне араласу ғана емес, сонымен бірге Лондонның Қос стандарттары саясатының жалғасы болып табылады», - деді И Саид Хатибзаде.