$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.12.2021, 14:57
Саясат

Жетімнің ақысы: ШҚО-да мектеп-интернат директоры 12 млн теңге жымқырды

Ол бірнеше жылға сотталды

Жетімнің ақысы: ШҚО-да мектеп-интернат директоры 12 млн теңге жымқырды
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры 12 миллион теңге ұрлаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy Altaynews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өскеменнің № 2 соты Б.-ға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру және иемдену бойынша айыпталған қылмыстық істі (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы) қарады. Айыптаудың нұсқасы бойынша Б. жетім балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттың директоры қызметінде жүріп, 2013 жылдан 2019 жылға дейін 12 830 996 теңге жымқырған.

«Кінә жәбірленуші тараптың, куәгерлердің айғақтарымен, бухгалтерлік құжаттармен, сондай-ақ ұрланған ақша сомасын растайтын сараптама қорытындысымен расталады», - деп нақтылады № 2 соттың баспасөз қызметі.

Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ. Прокурор Б-ны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын, кәмелетке толмаған баласының болуын, ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып және залалдың өтелмегенін ескеріп, сот оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», - деп хабарлады № 2 сотта.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары