БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Дональд Трамп мәлімдемесіне қолдау білдірді
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Тегеранның Ирактағы америкалық әскери базаларға жасаған соққыларынан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп жасаған мәлімдемеге қолдау білдірді. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
«Біз екі ел арасындағы текетіресті жұмсартуға, шиеленісті болдырмауға бағытталған кез келген мәлімдемеге қолдау білдіреміз», – деп жауап берді БҰҰ Бас хатшысының өкілі Трамп мәлімдемесіне қатысты сұраққа.
Айта кетсек, АҚ үйде жасаған телеүндеуінде Трамп АҚШ-тың Иранмен ынтымақтастыққа дайын және Тегеран өзге елдермен қарым-қатынасын жақсаратынына үмітті екенін мәлімдеген еді. Дегенмен, АҚШ президенті Тегеранға жаңа санкциялар салынатынын да айтты.