$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2021, 01:19
Саясат

АҚШ пен ЕО Белоруссияға қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізді

Жаңа санкциялар пакеті 20 жеке тұлғаға және 12 ұйымға әсер етті

АҚШ пен ЕО Белоруссияға қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізді
Фото ашық дереккөзден

АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Еуропалық Одақ Белоруссияға қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізді делінген олардың бірлескен мәлімдемесінде.

АҚШ Қаржы министрлігі берген тізімге сәйкес, жаңа шектеулер 20 жеке тұлғаға, 12 ұйымға және үш әуе кемесіне әсер етті. Бұл тізімде Беларусь президенті Александр Лукашенконың ортаншы ұлы, бизнесмен  Дмитрий Лукашенко бар.

Сонымен қатар, АҚШ Қаржы министрлігі ел азаматтарына 2 желтоқсаннан бастап 90 күннен аспайтын мерзімге шығарылған Беларуссияның егемендік міндеттемелерімен операция жасауға тыйым салды.

Британдық сыртқы саясат ведомствосының хабарлауынша, Беларусьтің кейбір азаматтарының ел аумағына кіруіне тыйым салады.

Атап айтқанда, Ұлыбританияның жаңа санкцияларына Белоруссия ІІМ ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі бас дирекциясының бастығы Андрей Паршин, Беларусь Ұлттық мемлекеттік телерадиокомпаниясы төрағасының бірінші орынбасары және жүргізушісі Сергей Гусаченко, Минск Фрунзе сотының судьясы Наталья Бугук, Белсата журналистерінің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Алина Касьянчик, "СБ. Беларусь бүгін" газетінің журналистері Людмила Глагный және Андрей Муковозчик, Беларусь Журналистер одағының төрағасы Андрей Кривошеев, журналист және тележүргізуші Григорий Азаренок кірді.

 

Серіктес жаңалықтары