$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.12.2021, 23:44
Саясат

Nur Otan-ның кейбір құралы Испанияның саяси жүйесіне енгізуге тұрарлық – CEU Сан-Пабло университетінің профессоры

Ғалым Қазақстан халқы ассамблеясына ерекше қызығушылық танытты

Nur Otan-ның кейбір құралы Испанияның саяси жүйесіне енгізуге тұрарлық – CEU Сан-Пабло университетінің профессоры

Қазақстанның қос палаталы парламенті мен ондағы көппартиялы жүйе – демократияның айқын көрінісі дейді Испаниядағы CEU Сан-Пабло университетінің профессоры Антони Алонсо Маркос. Мұндай пікірін ол елордада өткен «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты халықаралық форумда айтты.

Айта кетейік, аталған форумға әлемнің 15 елінен 600-ге жуық спикер қатысты. Олардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей, Әзірбайжаннан келген саясаткерлер де бар.

Испан ғалымының сөзінше, қазақстандық билік жүйесінің өзгелерге үлгі боларлық тұстары бар. Бұл ретте ол Қазақстан халқы ассамблеясын мысалға келтірді.

«Сіздерде өзге еш жерде кездесе қоймайтын ерекше институт бар, ол – Қазақстан халқы ассамблеясы. Қазақстандағы халықтардың басын біріктіретін ұйым халықтың билікке деген сенімін, қоғамның сенімін тудырады. Өзгелердің пікірін осылайша білу, бәрін теңдікте ұстау – өте әділ әрі қызықты», - деді Антони Алонсо Маркос.

Ол сондай-ақ, Nur Otan партиясы жүргізген қайта жаңғыртуға да өз бағасын берді. Испан профессорының сөзінше, партия қолданып отырған кейбір саяси құралды Испанияның саяси жүйесіне енгізсе артық болмайды.

«Қазақстанда жүргізілген праймериз біздің қызығушылықты тудырды, өйткені онда әйелдерге ерекше роль берілді», - деді ғалым.

Оның айтуынша, Испанияда әйелдер мемлекет басқаруға әліге дейін араласпайды екен. Десе де, жергілікті атқарушы биліктің тізгінін ұстап отырған нәзік жандылар баршылық.

Сөз барысында Антони Алонсо Маркос Испанияға демократия ұзақ жыл бойы келгенін, елде кешеге дейін бір партиялы жүйе жұмыс істегенін айтып өтті.

Серіктес жаңалықтары