Сайлауға 21 партия қатысуда
Бүгін Қырғызстанда Жоғарғы Кеңес депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Парламент сайлауына 21 партия қатысуда.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Жоғарғы Кеңестің жаңа құрамы 90 депутаттан тұрады. Олар 5 жылға сайланады.
Жоғарғы Кеңестің 54 депутаты пропорционалдық жүйемен, 36 депутат бір мандаттық сайлау округінде мажоритарлық жүйемен сайланады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазір елде 2435 сайлау учаскесі ашылған. Ал шет мемлекеттерде 59 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.
Сонымен бірге, ОСК дауыс беру процесін бақылау үшін 736 халықаралық бақылаушы тіркеуден өткен.