$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2021, 01:48
Саясат

Тоқаев Еуропалық комиссияның президентімен келіссөз жүргізді

Әңгіме барысында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесіне баса мән берілді

Тоқаев Еуропалық комиссияның президентімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапарының соңында Еуропалық комиссияның Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылы шырайда өткен кездесуде тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жан-жақты талқылады.

Сондай-ақ пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы қалпына келтіру, климаттың өзгеруі, көлік-логистика, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту, ғаламдық және аймақтық  қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасты.  

Әңгіме барысында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесіне баса мән берілді. Мемлекет басшысы Қазақстан нарығына инвестиция салатын еуропалық инвесторлар үшін арнайы жағдай жасалатынын және институтционалдық қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Еуропалық Одақ – Орталық Азиядағы Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық әріптесі. Аймаққа тартылған инвестицияның 75 пайызы біздің елімізге тиесілі.

Кездесуде тараптар «жасыл» экономика, орнықты энергетика және тау-кен өнеркәсібі, агробизнес, ІТ-технологиялар, инновациялар, транзит және көлік, қаржы, денсаулық сақтау және фармацевтика, білім беру мен туризм сияқты перспективалы салалар бойынша ықпалдастықтың жаңа бағыттарын іздестіруге мүдделі екендерін білдірді.

Еуропалық Одақ Президенті Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларға жоғары баға беріп, ЕуроОдақтың елімізбен сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты одан әрі нығайтуға бейілді екенін нақтылады. Урсула фон дер Ляйен Қазақстанның Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру және осы елге гуманитарлық көмек көрсету бойынша қабылдап жатқан шараларына қолдау білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Урсула фон дер Ляйенді Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

 
Серіктес жаңалықтары