Қаражат Халықаралық Қызыл крест Комитеті арқылы беріледі
Еуропалық Одақ (ЕО) Польша-Беларусь шекарасындағы босқындарға жедел көмек көрсету үшін 700 мың еуро бөледі. Бұл туралы РИА Новости Еурокомиссияның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.
Еурокомиссар Янез Ленарчич мигранттарға тиімді көмек көрсету үшін екі жақтың халықаралық ұйымдарының өкілдеріне тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етуге шақырды. "ЕО адамдардың қайғы- қасіретін жеңілдету үшін гуманитарлық көмек көрсететін серіктестерін қолдайды", - деді ол.
Қаражат Халықаралық Қызыл крест Комитеті арқылы берілетіні атап өтілді. Олар босқындар үшін тамақ, дәрі-дәрмек және қажетті заттарды сатып алу үшін қолданылады.
Бұған дейін Германия үкіметі Александр Лукашенконың Беларусь президенті ретіндегі өкілеттігін мойындаудан бас тартқаны белгілі болды, бірақ ол мигранттарға көмек көрсету үшін онымен келіссөздерді қажет деп санайды. Неміс Министрлер Кабинетінің өкілі Штеффен Зайберттің айтуынша, Беларусь көшбасшысымен байланыс мигранттармен жағдайды реттеуге көмектеседі.