$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2021, 00:24
Саясат

Елордада газ құбырын тартып беремін деген алаяқ тұрғынның 950 мың теңгесін жымқырып кеткен

Аталмыш компанияны тұрғындарға әкімдік ұсынған

Елордада газ құбырын тартып беремін деген алаяқ тұрғынның 950 мың теңгесін жымқырып кеткен
Фото ашық дереккөзден

Елорда тұрғыны «газ құбырын тартамын» деп, сан соғып қалды. Әкімдік ұсынған компанияға жүгінген жұрт алданып қалғандарын айтады, деп хабарлайды 24.kz арнасы.

Жалпы елордада газдандыру саласындағы құрылыс-монтаждау жұмысымен 86 компания айналысады. Әкімдік бұл тізімді Сарыарқа тұрғындарына ұсынған. Анастасия Козганбаева алаяқтардың арбауына түскендердің бірі. Ол «табиғи газдың игілігін көремін» деп 1 млн теңгеге несие алған. Енді ай сайын арам пиғылды адамға төлеген ақшаны өтеп жүрмін дейді. Одан бөлек мердігер жеке құжаттардың түпнұсқасы мен қосымша келісімді рәсімдеуге рұқсат етілген сенімхатты алған. 

 «Еңбекстройсервис» компаниясынан Капсыков Еламан есімді азамат табиғи газдандыру бағасы 950 мың болатынын айтты. Басқа компаниялармен салыстырғанда арзанырақ болды. Сол кезде несие рәсімдеп, 30 қыркүйекте келісімшарт жасастық. Екі апта бұрын келіп газ құбырын орнатты, алайда жұмысын соңына дейін аяқтамай кетті. Құжаттарды 1 жарым ай бойы өзінде ұстап, сенімхаттың көшірмесін қайтарды. Үйімізді сатып жібермеді ме деген үрей басым. Өйткені ол құрғақ уәдемен ауыз толтырып, ұшты-күйлі жоғалды», - дейді қала тұрғыны Анастасия Козганбаева.

Ал Анастасия қомақты қаражат төлесе де үйіне газ орната алмай, көмір жағып отыр. Тұрмыста газ баллонды пайдалануға мәжбүр. Шағым айтып бармаған жері, баспаған тауы қалмаған.

Әкімдік сұхбат беруден бас тартып, хат арқылы жауап қатты. Оның өзінде «егер өз міндеттемелерін орындамайтын заңды тұлғалар анықталған жағдайда тұрғындар тиісті органдарға жазбаша өтініш беруі қажет» деумен шектелді.

 

Серіктес жаңалықтары