$ 529.7  545.96  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен және терроризмге қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салынбақ

Заң жобасы талқылауға ұсынылды

Балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен және терроризмге қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салынбақ
Фото ашық дереккөзден

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланатын болады. Бұл құжатта балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер мен терроризмге қатыстылардың елге келуіне тыйым салу қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Заң жобасы көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін сотталғандардың елге келуін, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын шектеу, экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елімізге келуіне тыйым салу, төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселелерін реттеу және басқа түзетулерді көздейді», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Снежанна Имашева.

Айта кетейік, заң жобасын бір топ депутат халықтың көші-қон туралы заңының және қолданыстағы өзге де заңдарды жетілдіру мақсатында әзірледі.

Серіктес жаңалықтары